Аймақтар • Бүгін, 21:51

Іле ауданының  саяжай  тұрғындары балаларды тасымалдау мәселесін көтерді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Іле ауданына қарасты Ақсай ауылдық  округінде жалпы саны 22 мың халық тұрады. Ауылдық округте бірнеше разъездерге бөлінген 13 саяжай орналасқан. Оларда 8 жарым мыңнан астам халық мекендейді. Осы саяжайлар бойынша 522 оқушы тасымалданып оқытылады, деп жазады Egemen.kz.

Іле ауданының  саяжай  тұрғындары балаларды тасымалдау мәселесін көтерді

Мемлекеттік автобустар бекітілген маршрутқа сай арнайы бекеттерге дейін ғана барады. Одан әрі жүруге саяжай көшелерінде мүмкіндік жоқ. Себебі, саяжай көшелері автокөлік жүруге арналмаған. Салдарынан оқушылар 1-1,5 шақырымдап жаяу жүруге тура келетіні ата-аналарды алаңдатқан.

Бұл мәселені шешу үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым келіп, жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында ол нақты шараларды таныстырды. Соның бастысы, 16 қыркүйектен бастап қосымша үш автобус жолға шығарылады, ал маршрут 1,5 шақырымға ұзартылып, тұрғын алабына жақындатылды.

2026 жылы бұл саяжайларға ауылдық округ мәртебесі беріледі. Бұл қадам әлеуметтік нысандар салуға мүмкіндік жасайды.

Жергілікті белсенділер өтініштеріне облыс басшылығының дер шағында назар аударғаны үшін алғыстарын білдірді.

«Біздің мәселемізге көңіл бөліп, нақты шаралар қабылдағандарыңызға ризашылық айтамыз», – деді «Мерей» саяжайының тұрғыны Ерлан Жансейітұлы.

Алматы облысы.